Қазақстанның валюта айырбастау пункттері жұмыс режимін өзгертті

Oinet.kz 01-02-2020 781

1 ақпаннан бастап ақша айырбастау пункттері жаңа ереже бойынша жұмыс істейді, - деп хабарлайды Oinet.kz сайты Tengrinews.kz  порталына сілтеме жасап.

6e5d4909-1306-40b3-9491-e0d567bf5f9c.jpeg

Жаңа ереже бойынша, 1 ақпаннан бастап айырбастау пункттері 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. 

Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры Жомарт Қажмұратовтың айтуынша, жұмыс кестесінің өзгеруі айырбастау пункттері мен тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған. Оның айтуынша, бұл шара кешкі және түнгі уақытта қолма-қол шетел валютасын сату бағамының артуы мен халық арасында негізсіз дүрлікпе тудыруды болдырмауға көмектеседі. 

Қазақстаннан әуежайлар, т/ж вокзалдары және мемлекеттік шекара арқылы автомобиль өткізу пункттерінде келіп/кететін адамдар үшін айырбастау орындарының жұмыс режимі өзгермейді - олар тәулік бойы ашық, ал бірінші санаттағы ірі сауда орталықтарында - 9:00-ден 22:00-ге дейін істейді. 

Бұдан басқа, енді айырбастау орындарында қазақстандықтардың есімі жазып алынады. Айырбастау пункттерінде валюта бағамымен 500 мың теңгеден аспайтын сомаға операция жүргізілгенде тізілімдер журналында клиенттің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және ЖСН (бар болса) тіркеледі. Сондай-ақ, валюта айырбастау орындары үшін жарғылық капитал көлемін 100 миллион теңгеге дейін ұлғайды. 

Халықаралық іздеуде жүрген Асылжан Жамалбеков полицияға өзі келді
Батыс Қазақстаннан зымыран қалдықтары табылды (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу