Тасмағамбетовтың орнына Көшербаев келді

Oinet.kz 29-01-2020 2485

Мемлекет басшысының Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Жарлығымен Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. 

Көшербаев.jpg

Ермек Беделбайұлы 1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Еңбек жолында Сыртқы істер министрлігінде, Президент аппаратында, түрлі лаузымдық қызметтерді атқарған. Премьер-Министрдің көмекшісі, «Нұрсұлтан Назарбаев білім фонды» директорының бірінші орынбасары, «ҚазТрансОйл ҰК» ЖАҚ-ның президент аппаратының басшысы. 

«Отан Республикалық саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің орталық аппарат басшысы, ШҚО әкімінің бірінші орынбасары. Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы, Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы лауазымдарын атқарған.  2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болды. Дипломатиялық дәрежесі I сыныпты кеңесші.

Аружан Саин мемлекеттік бюджет пайдасы жоқ шараларға жұмсалып жатқанын айтты
Серік Күдебаев қызметінен кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу