Қазақстанда арақ өндірісі төмендеді
Елімізде өткен жылдың 12 айы бойынша алкоголь өнімдерін шығару төмендеген. 2018 жылға қарағанда арақ өнімі 34,3% төмендеп 19,5 млн литрді құраған, ликер-32,7%, коньяк - 13,2% дейін төмендеген. Бұл туралы energyprom.kz хабарлады.
Алайда жеңіл алкоголь сусындар өндірісі артқан. Мәселен сыра өндірісі - 10,9% артып, 663,6 млн литрді құраса, вино өндірісі - 14,3% жоғарылап 49,9 млн литрге жеткен.
Мұның барлығы Қазақстан халқының жеңіл алкоголь өніміне көшіп жатқанын байқатады, сондай-ақ күші жоғары алкоголь өнімін шығаратындар көлеңкелі нарыққа кетіп жатуы да мүмкін.
БҰҰ-ның дерегінше халқы ішімдіктен көп өлетін елдердің рейтингінде Қазақстан 10-шы орында тұр.
Өткен жылдың өзінде тек Алматы бойынша 6 мыңнан аса адам ішімдіктен уланған, оның 2 мыңдайы ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Өліммен аяқталған 23 жағдай тіркелген.