Әлемдегі ең бай адамдардың тізімі өзгерді
Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос әлемдегі ең бай адам статусынан айырылды. Оның орнын Louis Vuitton және Dior иесі Бернар Арно басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.
LVMH холдингі басшысы мен Louis Vuitton, Hennessy, Christian Dior брендтері иесінің байлығы $116,5 млрд-қа бағаланып отыр. Екінші орында – америкалық бизнесмен Джефф Безос. Ол бұған дейін ғаламшардағың ең бай адамы ($115,6 млрд) болған. Ал үшінші орынға оның отандасы Билл Гейтс ($110,6 млрд) жайғасты. Ірі миллиардерлердің алғашқы бестігіне америкалық Уоррен Баффетт ($90,6 млрд) пен Марк Цукерберг ($82,2 млрд) кірді