Казнетте Алатау ауданының экс-әкімін құрықтаған видео тарап кетті

Oinet.kz 19-01-2020 1283

Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бөлімі Алатау ауданының бұрынғы әкімін және оның орынбасары құрықтау сәтінің видеосын ұсынды.

Алатау ауданы экс-әкімін тұтқындау сәтінің видеосы тарады

Естеріңізге сала кетсек, Алматы қаласы Алатау ауданының экс-әкімі 2019 жылы «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатын ірі мөлшерде ұрлады деген күдікке ілінген.

 Ал оның орынбасары жалпы қамқорлығы үшін және қызметтік жалған әрекет жасау арқылы орындалған жұмыстар актілеріне нақты орындалмаған жұмыстардың атқарылғандығы туралы көрінеу жалған мәліметтер енгізу жолымен мердігер ұйымның өкілінен 500 мың теңге сомасында параны карточкалық шотқа банктік аудару арқылы алу фактісі бойынша тергеліп жатыр.

Алматы қаласы Алатау ауданының экс-әкімі жемқорлық күдігіне ілікті
Елордада «Халық сүйіктісі» сыйлығы кімдерге табысталды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу