Атырау қаласының әкімі өз еркімен қызметінен кететінін мәлімдеді

Oinet.kz 14-01-2020 959

Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы тұрғындарға үндеу жолдап, өз еркімен қызметінен кететінін мәлімдеді деп хабарлайды Nur.kz порталына сілтеме Oinet.kz.

Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы.jpg

Бұл туралы шенеунік өзінің Facebook парақшасында жазған.

"Құрметті атыраулықтар!

Бүгіннен бастап мен өз еркіммен қала әкімі лауазымын босатып жатырмын.

Қызметімде қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымды білдіремін, қала тынысы үшін сіздерсіз көптеген оңды өзгерістер жүзеге аспас еді. Сіздерге алғыс білдіремін. Қала өміріне белсенді қатысуға дайын екеніңіз үшін шын жүректен ризамын.

Қызметімізде біз әрқашан халықтың мүдделері мен ел және аймақ басшылығының нұсқауларын басшылыққа алдық.

Мен қаламызды үнемі уайымдаймын және оның өркендегенін қалаймын. Ал сіздердің табыстарыңыз бен жетістіктеріңіз үшін шын жүректен қуанамын!

Барлығы үшін рахмет!", - деп жазды Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы.

Айта кетейік, Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы Атырау қаласының әкімі болып, 2018 жылы 28 маусымда тағайындалған болатын.

Оған дейін Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі қызметін атқарған.

Шөкеевтің қашан есеп беретіні белгілі болды
Қарындасын 6 жыл бойы азаптаған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу