Шөкеевтің қашан есеп беретіні белгілі болды
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қашан есеп беретіні белгілі болды.
Түркістан облыстық әкімдігінің хабарлауынша, Ө.Шөкеев 14 ақпан күні сағат 11.00-де Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Мәдениет сарайында 2019 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында есеп береді.
-Осыған орай сұрақтар мен ұсыныс-пікірлеріңізді жазбаша түрде облыс, аудан, қала және ауылдық округ әкімі аппараты ғимараттарында орнатылған жәшіктерге салуға, электронды форматта Түркістан облысы әкімінің қоғамдық қабылдау парақшасына (@Omirzak.Shokeev), t.akimat@ontustik.gov.kzэлектронды поштасына немесе 8702 198 53 23 нөміріне «WhatsApp» арқылы жолдауға болады,-делінген әкімдіктің таратқан мәліметінде.
Сондай-ақ, жұртшылық сауалдарын, ұсыныс-пікірлерін әкімі аппаратының 8(72533) 5-98-90,5-92-40 телефон нөмірлеріне қоңырау шалып, жазып жіберуіне болады.