Әуежай маңындағы жерлердің сатылып кетуіне шенеуніктердің қатысы бар ма?
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы әуежайы маңындағы жер телімінің берілуінің заңдылығын тексеруде, деп хабарлады Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдің сөздеріне сілтеме жасаған ҚазТАГ.
«Әуежай аумағының сыртындағы заңсыз құрылыс мәселесіне келсек, Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлық қызметі Алматы қаласы әуежайы маңындағы Талғар ауданында жер телімінің заңсыз берілу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде», - деді Скляр жұма күні ОКҚ-де Алматы облысында «Бек Эйр» әуекомпаниясы ұшағының құлау себебін анықтау бойынша үкіметтік комиссия жұмысын алдын-ала қорытындылауға арналған брифингте.
Бұған дейін белгілі болғандай, Алматы түбінде Bek Air ұшағының апатқа ұшырау себептерінің басты нұсқасы ұшаққа мұз қату делінген еді.
Еске салсақ, 27 желтоқсанда 07.22-де Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы Bek Air әуекомпаниясының №Z2100 рейсі ұшу барысында биіктіктен жоғалып, бетон қоршауды бұзып, екі қабатты нысанға соққан. Вице-премьер Роман Скляр нақтылағандай, Bek Air ұшағының артқы бөлігі екі рет ұшу жолағына тиген.
Борттағы ұшақтың өздігінен жазатын құралы табылды. Жалпы барлығы бортта 93 жолаушы, оның үшеуі - нәресте және 5 экипаж мүшесі болған.
Әуеапатынан 12 адам мерт болды, оның ішінде Informburo.kz интернет-порталының журналисі Дана Круглова мен Қазақстан генералдар кеңесінің төрағасы Рустем Қайдаров бар.
Bek Air әуекомпаниясының қызметі уақытша тоқтатылды.
Ішкі істер министрлігі «Fokker-100» жолаушылар ұшағының Алматы облысы Гүлдала ауылында апатқа ұшырауына байланысты ҚР ҚК 344 бабы 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
28 желтоқсанда белгілі қазақстандық заңгер Бақытжан Базарбек Талғар ауданындағы Гүлдала және Әлмерек ауылдары арасындағы алаңы 150 га жер телімі, ұшақ апатқа ұшыраған жер, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер болғанын және Б.есімді әйелдің жеке иелігінде болғанын айтты. Ол бұл жердің ұшу-қону жолағына өте жақын орналасқанын, ол жерде тұрғын үй құрлысы тұрмақ, суарылуына байланысты мал шауаршылығымен байланысты ауыл шаруашылық саласының кей түрлерімен де айналысуға болмайтынын айтты, себебі оған құстар үйір болады, ал құстар ұшақтың ұшуына кедергі келтіреді. Заңгер жергілікті шенеуніктердің қатысы бар болуы мүмкін көптеген айла-шарғылар туралы да айтты. ҚазТАГ агенттігіне берген сұхбатында ол айла-шарғы туралы мақалалары жарық көргеннен кейін оған қысым көрсетіле бастағандығы туралы да айтқан.