Алматы тауларынан шаңғышы өлі табылды
16-10-2023
Отандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан өнердегі құрбысы Баян Алагөзоваға көңіл айтты. Белгілі болғандай, Алматы маңындағы ұшақ апатында белгілі продюсермен құдаласқан отбасының мүшесі қайтыс болған деп жазады Nur.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.
Лауазымды тұлғалармен қатар, еліміздегі танымал тұлғалар да жантүршігерлік оқиғада қаза тапқандардың жақындарына қайғырып, көңіл айтып жатыр.
"Бұл деген масқара! Бүгін таңғы жетіде Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы құлады. 14 адам қаза тапты. Олардың жақындарына қайғырып көңіл айтамын" , - деп жазды тележүргізуші.
Қаза тапқандар арасында "Генералдар кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рүстем Қайдаров та бар. Ол Баян Алагөзованың күйеу баласы Әлішердің туған атасы болып шықты.
Осы орайда, Динара Сәтжан продюсер құрбысына әлеуметтік желіде көңіл айтты. Тележүргізуші өз жазбасында Баян Алагөзваны, Айсәуле Бақытбекті және оның енесі Диляра Қайдарованы белгілеп қойған.
Еске сала кетсек, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.
Ішкі істер министрлігі әуе апатынан қаза тапқандардың саны мен есімдерін жариялады.
28 желтоқсан елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.