Ақтөбе облысында 11 көлік соғысып, жантүршігершік жол апаты болды

Oinet.kz 22-12-2019 2271

Ақтөбе облысында 11 көлік соқтығысты. Салдарынан 9 адам зардап шекті, бесеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды sputniknews.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

image.png

Жол апаты 21 желтоқсанда күндіз Ақтөбе облысында Самара – Шымкент тас жолының 859 шақырымында болды.

"11 автокөлік, соның ішінде екі жүк көлігі, сегіз жеңіл автокөлік және бір газель соқтығысты. Жол апаты салдарынан 9 адам зардап шекті, олардың бесеуі Хромтау қаласының ауруханасына жатқызылды", - деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.

image.png

Екінші жол апаты Әйтеке би ауданында болды. Екі жеңіл көлік соқтығысып, жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Бұдан бөлек, Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуынан 60 автокөлік жолда қалып қойды. Барлық көлік кемпинг аумағына жөнелтілді. Жүргізушілер мен жолаушылар сол жерде жылынып, түнеп шықты.

ІІМ мәліметінше, облыстық полиция мен төтенше жағдайлар департаменттері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Министрлік қар мен көктайғақ кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін еске салды.

Өзбекстанда парламенттік сайлау өтуде
Түркия халқы Қытайдың саясатына қарсы митингке шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу