Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Таразда 12 жастағы оқушы қызды мектеп дәретханасында зорлаған сұмдық жағдайдан кейін қала әкімін қызметінен босатуды тапсырды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі Президенттің Twitter-парақшасына сілтеме жасап.
«Жамбыл облысының әкіміне Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырдым. Облыс әкіміне ескерту жасадым», - деп жазды Тоқаев.
Қазіргі уақытта Тараз қаласының әкімі - Қайрат Досаев. Ол әр жылдары Жамбыл облысында Қордай және Шу аудандарының әкімі болды.