Қазақстанда тоқыма бұйымдарының өндірісі 23,7 пайызға артты

Oinet.kz 19-11-2019 1077

Биылғы 10 айда Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 18,9 пайызға өсіп, 87,5 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

тоқыма өндірісі.jpg

«Тоқыма бұйымдары 23,7 пайызға, ал киім-кешек өндірісі 7,5 пайызға артты. Жеңіл өнеркәсіп саласы үш негізгі топты біріктіреді, яғни тоқыма өнеркәсібі - 52%, киім-кешек өндірісі - 38%, сондай-ақ, былғары және оған қатысты өнімдер 10% құрайды. 2019 жылғы 1 қыркүйектегі көрсеткіштер бойынша жеңіл өнеркәсіп бағытында 1030 кәсіпорын жұмыс істейді, олардың 96% - бұл шағын кәсіпорындар, қызметкерлердің тізімдік саны шамамен 11 мың адам. Елімізде жеңіл өнеркәсіп бағытында жұмыс істейтін кәсіпорындар ұлттық компаниялар, денсаулық сақтау саласындағы ұйымдарға, Қазақстанның Қарулы Күштері мен тәртіп сақшыларына, сондай-ақ қарапайым халыққа арналған киімдерді шығарады», - делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәліметінде. 

Отандық кәсіпорындар мақта-мата иірілген жіптер мен маталар, кілем, былғары өнімдерін халыққа ұсынады.

2018 жылы 5 жаңа жоба пайдалануға берілді, олардың қатарындағы екі бастама «Оңтүстік» АЭА-да орналасқан. Жаңа кәсіпорын 400-ден астам адамды жұмыспен қамтамасыз етті. Сонымен қатар, 2019 жылы кілем және кілем бұйымдарын шығаратын «Бал тоқыма» ЖШС-нің жобасы іске қосылып, 45 жұмыс орны ашылды. 

Н.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанындағы халыққа жолдауын жүзеге асыру аясында Үкімет мүшелері қолжетімді несиелендіру қаулысын қабылдаған болатын. Бағдарлама аясында екінші деңгейлі банктер жеңіл өнеркәсіп бағытындағы жалпы сомасы 4,3 млрд теңгені құрайтын 21 жобаны қолдады. Сонымен қатар, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2019 – 2021 жылдарға арналған жеңіл өнеркәсіпті дамыту бойынша жол картасын әзірледі.

Қостанай облысында ауыс-түйіс
Аружан Саин педофилдердің аты-жөні мен суреттерін жариялауды талап етті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу