150 мың теңге пара алған мектеп директоры 3 жылға сотталды

Oinet.kz 12-11-2019 887

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің өнер мектебінің директоры пара алған үшін сотталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Пара.jpg

Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген "Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің өнер мектебі" КМҚК директоры А.Иманбаевқа қатысты қылмыстық істі аяқтады. Ол азаматты жұмысқа орналастырғаны үшін 150 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелген, - делінген хабарламада.

Биыл 8 қарашада Шу аудандық сотының үкімімен Иманбаев пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына шектей отырып, 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Әміржан Қосанов: «Президент тапсырмаларын орындауға Үкімет ақшаны қайдан табар екен?»
Тоқаев Иранның Сыртқы Істер министрін қабылдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу