Машалкы керек пе?...
02-11-2023
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласының тарихи маңызы зор қала екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Түркістанға жасаған сапары барысында айтты.
Түркістан қаласына екі күндік сапармен келген Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы күнде жергілікті халықпен бірге арнайы қойылған концерттік бағдарламаны тамашалады.
Шара барысында сөз алған Елбасы тәуелсіздік алған жылдардан соң сол кездегі Астана қаласын елорда етерде де Түркістанға арнайы келіп, біраз ойланғанын айтты.
- Түркістанды орталық жасау тәуелсіздік алған кездің бірінші күнінен бастап есте болған. Естеріңізде болса, арғы тарихқа бармай-ақ қойсақ, өткен ғасырдың өзінде Түркістан Республикасын құрамыз деген көп шаруалар болған.
Ал енді терең тарихқа үңілетін болсақ, Түркістан - қасиетті өңір, қасиетті жер. 21 ханымыздың жерленген, сұлтандар, әулиелелер осы жерде мәңгілік орын тапқан өте киелі жер.
Тәуелсіздік алғаннан кейін мен осы жерге көз тіктім. Тіпті Астананы таңдаған кезде де келіп, біраз ойландым. Бірақ оған жағдай болмады, өздеріңіз де білесіздер.
Міне, енді уақыты келді. Түркістан қаласын облыстың орталығы жасап, қайтадан жандандырып, елімізге осы киелі орданы қайтару мүмкіншілігі қолымызға тиді, - деді Елбасы.