Қарағандылық отбасы үш қабатты коттеджде тұрып АӘК алып келген

Oinet.kz 21-10-2019 1060

Похожее изображение

АӘК тағайындау кезінде ең көп кездесетін бұзушылық – нақты кірістерді жасыру, отбасының тұрмыс жағдайы мен өмір сүру шарттары туралы жалған ақпарат беру болып отыр. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүнісбекова Қарағанды облысы тұрғындарының әлеуметтік қызметкерлерді алдауының өрескел фактілері туралы айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Осылайша, Қарағанды қаласында 8 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы 2019 жылғы мамыр айында АӘК тағайындауға өтініш білдірді. Отбасына ай сайын жалпы сомасы 105 мың 843 теңгені құрайтын 2 млн 339 мың 688 теңге көлемінде әлеуметтік көмек тағайындалды. Біздің Басқарманың жүргізген АӘК тағайындаудың заңдылығын тексеру кезінде бұл отбасы жалпы ауданы 100 шаршы метрден асатын үш қабатты коттеджде тұратындығы анықталды. Оның үстіне, жеке меншігінде көлігі бар, яғни олардың тұрмыс жағдайы жеткілікті. Аталған отбасына қайта есептеу жүргізіліп, нәтижесінде оларға АӘК тағайындаудан бас тартылды", – деді Әсем Жүнісбекова.

Кейбір қарағандылықтар әлеуметтік көмекті заңсыз жолмен алу мақсатында нақты тұратын немесе уақытша тіркелген мекен-жайын жасырмақшы болған. Мысалы, АӘК алушыларды аралау барысында тұратын мекен-жайын жалған көрсетіп, ай сайын 108 мың 882 теңге көлемінде жалпы сомасы 1 млн 306 мың теңге төлем тағайындалған отбасы анықталды. Ал, шын мәнінде отбасы қымбат жөндеуден өткен екі қабатты коттеджде тұрады, жеке меншігінде автомашинасы бар.

Қарағанды облысы бойынша барлығы атаулы әлеуметтік көмек төлеу 92 отбасына уақытша және 890 отбасына мүлде тоқтатылды. 1 мың 621 отбасына қайта есептеу жүргізілді.

АӘК тағайындау мен төлеудің дұрыстығын мониторингтеу нәтижесінде 73 мыңнан астам атаулы әлеуметтік көмек алушы табысы туралы жалған ақпарат бергені анықталды.

Соған орай, министрлік әкімдіктермен бірлесе отырып, әрбір анықталған факті бойынша, бұзушылықтарға жол бермеу және "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" ҚР Заңын бұза отырып тағайындалған төлемдерді қайта қарау бойынша жеке-жеке жұмыс жүргізуде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғастырылуда.

"Ең басты принцип – мемлекет көмекке мұқтаж адамдарға, әсіресе балалар мен көпбалалы отбасыларға көмектеседі! Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек. Мемлекет жұмысқа орналасуға немесе шағын бизнеспен айналысуға көмектеседі. Мемлекеттік көмекке – көп балалы отбасыларды қолдау, табысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету, табысы аз отбасылардағы балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік пакет кіреді", – деді Біржан Нұрымбетов.

Министрдің айтуынша, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақылар енгізу арқылы қамтамасыз етілетін болады. Бұл мемлекеттік жәрдемақы барлық көпбалалы отбасыларға (4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар) табысына қарамастан төленеді.

АӘК табысы аз отбасыларға, соның ішінде көпбалалы отбасыларға төленетін болады. Ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ы тағайындаудың шекті критерийі болып қала береді. Егер еңбекке қабілетті отбасы мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда АӘК төлемі тек оған ғана емес, бүкіл отбасына да тоқтатылады

Табысы аз отбасылардан шыққан балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакетті енгізу ұсынылады. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды азық-түлік жиынтығымен және гигиеналық құралдармен, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және мектеп киімімен қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларға мектепке дейінгі жол жүру шығындары өтеледі. Медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін болады.

Адвокат: «Талғат Ермегияв өзі істемеген қылмысы үшін сотталды»
Балалар үйінің тәрбиеленушілерінің саны 30 пайызға төмендеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу