Қазақ боксының ақыл-ойы
23-01-2024
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады, - деп хабарлайды Ақорда сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ тілшісі.
Ақтоты Райымқұлова Мемлекет басшысына бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысын, атап айтқанда, мәдениет және спорт қайраткерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, отандық туризмді дамыту секілді мәселелер бойынша баяндады.
Министрліктің мұрағат, тіл саясаты бағытында атқарып жатқан жұмыстары жайында мәлімет берді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев басталған жұмыстарды өз деңгейінде жалғастырып, тиянақты әрі сапалы орындау бойынша бірқатар тапсырма берді.