Соңғы 25 жылдағы үздік футболшы

Oinet.kz 29-04-2020

Screenshot_11.jpg

Ұлыбританияның Four Four Тwo журналы соңғы 25 жылдағы ең үздік 25 футболшының тізімін жасап, көпшілік назарына ұсынды.

Әлемдегі аяқдоп шеберлерінің тізімін Лионель Месси бастап тұр. Шілдеде 33 жасқа толғалы отырған аргентиналық шабуылшы «Барселонамен» бірге футболда бар атақтың барлығын иеленді.  Каталониялық команданың сапында 603 кездесу өткізген Месси 687 голдың авторы атанды.  ФИФА мен «Франс Футболдың» тарапынан тағайындалған әлем мен қарт құрлықтың ең үздік ойыншысына тиесілі «Алтын допты» алты рет олжалады. Аргентина құрамасымен бірге Олимпиада чемпионы және әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.  

Ал ширек ғасырдағы «ТОП-25» футболшының толық тізімі төмендегідей: 

1.Лионель Месси, 2. Криштиану Роналду, 3. Зинедин Зидан, 4. Роналдо, 5. Роналдиньо, 6. Тьерри Анри, 7. Хави, 8. Андрес Иньеста, 9. Паоло Мальдини, 10. Роберто Баджо, 11. Ривалдо, 12. Фабио Каннаваро, 13. Райан Гиггз, 14. Кака, 15. Уэйн Руни, 16. Луиш Фигу, 17. Габриэль Батистута, 18. Эрик Кантона, 19. Лука Модрич, 20. Серхио Бускетс, 21. Рауль, 22. Пол Скоулз, 23. Ромарио, 24. Серхио Рамос, 25. Джанлуиджи Буффон

Жанкүйер қауымның дәл қазір футболға сусап отырғаны мәлім. Алайда доп додасының қашан және қалай өтетіні әзірге беймәлім. Дегенмен Германия Еңбек министрлігі Бундеслига маусымы қайта жанданған жағдайда талап етілетін тиісті шаралар әзірлепті. Құжаттың бір тармағына сәйкес, ойыншыларға арнайы маскалармен ойнау талап етілуі мүмкін. Бұл бапкерлерге, төрешілерге және матчтардың басқа қатысушыларына қатысты шара болмақ. Сонымен қатар егер маска шешіліп кетсе, онда ойын дереу тоқтатылады. Ойыншылар әр 15 минут сайын жеке қорғаныс құралдарын ауыстырып отыруы керек және дәл осы кезде футболшылар бір-бірінен 1,5 метр қашықтықта болуға тиіс. Ойыннан тыс байланысқа да тыйым салынады. Мәселен, ойыншылар соғылған голдарды бірге тойламауы керек.

Осындай талаптармен ойналатын футболды елестетіп көріңіз. Алайда коронавирустың зардабын тартқан елді мұндай талаптағы футбол таңғалдыра қоймас.

Головкинмен жұдырықтасуды армандайтындар аз емес
UFC тарихында ең көп табыс тапқан кім?

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×