Головкинмен жұдырықтасуды армандайтындар аз емес

Oinet.kz 16-04-2020 990

Бүгінде әрбір әрекеті мен айтқан сөзі әлем ақпарат құралдарынан түспейтін әйгілі былғары қолғап шебері Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келетіндер аз емес. Көптеген атышулы боксшылар ондай нитеттері жөнінде жария етіп те жатыр. Олардан жөні бөлектеу украиналық боксшы Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) қазақстандық былғары қолғап шеберімен қарымта жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді. «Головкинге қарсы жекпе-жегімді қарап, оның жанкүйерлерге ұнағанына қуанып отырмын. Биыл мен үшін жақсы жыл болады деп сенемін. Головкинге қарсы қарымта жекпе-жекті өткізу туралы ұсыныс түссе, қуана-қуана қабыл аламын», - деді Сергей Деревянченко. Естеріңізде болса, Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко өткен жылы қазан айында жекпе-жек өткізіп, қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен-ді. 

11702157.jpg

Сондай-ақ Британиялық кіші Крис Юбенк GGG-мен жұдырықтасып, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтағысы келетінін айтты. «Менің төбелескім келетін боксшылар тізімімде Головкин бірінші тұр. Мен онымен кездескім келеді. Мен оны жеңетінімді білемін. Бойымда Геннадиді жеңуге қажеттінің бәрі бар», - дейді Юбенк. Еске сала кетелік, 2016 жылы қазақстандық пен британиялық жекпе-жек өткізуге тиіс болатын, алайда Головкин Кристің отандасы Келл Брукпен жұдырықтасты. 

Головкиннің IBF титулын қорғау үшін Камиль Шереметамен жұдырықтасуы тиіс екені мәлім. Боксшы одан кейін мексикалық Сауль Альвареспен үшінші рет жекпе-жек өткізуге ниетті.

Ал Хайме Мунгия Қанат Исламмен емес, «Канеломен» кездескісі келеді. Бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Хайме Мунгия (35-0, 28 KO) промоутері Фернандо Бельтран өз клиентінің орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альвареске қарсы титулды жекпе-жек өткізгісі келетінін амәлім еткен. «Канелоны» құрметтеймін, оған қоса мен оның жанкүйерімін. Дәл қазіргі сәтте ол әлемнің үздік бокшысы. Егер Хайме жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс алса бірден келісімшартқа отырамыз. Әрине, Мунгияның жеңіске деген мүмкіндігі аз болар, бірақ бұл - бокс. Хайме кез келген боксшымен жұдырықтасуға дайын», - деді промоутер ESPN-ге берген сұхбатында. Естеріңізге сала кетейік, 23 жастағы Хайме орта салмаққа осы жылдың басында ауысты. Алғашқы жекпе-жегінде ирландиялық Гари О'Салливанды 11-раундта нокаутпен жеңді. 

Жақында Мунгияның қазақстандық боксшы Қанат Исламмен (27-0, 21 КО) кездесетіні айтылған. Бұл жекпе-жек Сауль Альварес пен Билли Джо Сондерс кездесуінің андеркардында өтеді деп жоспарланған. Бастапқыда бокс кеші 2 мамырда Лас-Вегаста өтеді деп күтілген, бірақ коронавирустық пандемияға байланысты кейінге қалдырылды.

Коронавирустың кесірі: Атақтылар «арзандап» жатыр
Соңғы 25 жылдағы үздік футболшы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу