«Канелоның» алдағы жекпе-жегіне қатысты мәліметтер белгілі болды
Мексикалық Сауль «Канело» Альварес (53-1-2, 36 КО) келесі жекпе-жегін мамырда Лас-Вегаста өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жекке қатысты мән-жайды BoxingScene және LA Times басылымдарының журналисі Манук Акопян промоутер Оскар Де Ла Хойяға сілтеме жасап айтып берді.
Оскар Де Ла Хойя маған «Канелоның» қарсыласымен келісімге келуге аз қалғанын және ресми құлақтандыру болатынын айтты:
«Канело» мамырда жұдырықтасатыны анық, жоспарда – Лас-Вегас. Қарсыластың атын атағым келгенімен, айта алмаймын, өйткені боксшы өзінің еңбекақысына тағы бір нөл қосады. Біздің тізімде бірнеше боксшы тұр. Бізде қарсылас таңдауы бар», – деп жазыпты Акопян твиттер желісінде.
Еске салайық, Альварес кейінгі жекпе-жегінде ресейлік Сергей Ковалевті (34-4-1, 29 КО) нокаутқа түсірген.
Осы категория бойынша: ««Барыс» хоккейшілері Ресейдің ЦСКА-сын жеңді Пеле денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады»