«Астана» футбол клубы алтыншы мәрте Қазақстан чемпионы атанды
Нұр-Сұлтан қаласының "Астана" футбол клубы осымен қатарынан алтыншы рет Қазақстан чемпионы атанып отыр. Шешуші матчта олар Қостанайға қонаққа барып, "Тобылдан" басым түсті деп хабарлайды Sports.kz
Матчтың бірінші таймының соңғы минуттарында Юрий Логвиненко есеп ашты. Екінші таймда алаң иелері қарқынын күшейтіп, гол соғатын бірнеше мүмкіндікке ие болды.
Алайда, қостанайлықтар сол күйі есепті теңестіре алмады. Нәтижесінде кездесу 0:1 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.
Ал турнир кестесінде екінші орында келе жатқан алматылық "Қайрат" сырт алаңда павлодарлық "Ертіске" 0:5 есебімен ойсырай ұтылып, чемпиондыққа таласу мүмкіндігін жіберіп алды.
Осылайша, қоржынына 69 ұпай жинаған астаналық команда соңғы турдың нәтижелеріне қарамастан "Қайраттан" (65 ұпай) басым түсіп, мерзімінен бұрын чемпион атанып отыр.
Ал Қостанайлық "Тобылдың" үшінші орыннан үміті бар.