Жақсы көргеніңізді айтыңыз

Oinet.kz 19-09-2019 1280

3810704.jpg

Атақты психолог бір конференциясында «Кімді жақсы көрсеңіз, оған барып жақсы көретініңізді ашық айтыңыз» дегенді айтады. Бір апта өтіп, психологқа Джон есімді біреу телефон соғады:

- Өткен апта айтқан сөзіңіз мені қатты ойландырды. Конференциядан шығып, жақсы көретін ешкімім жоқ екенін үйге дейін ойлап бардым. Мен осыдан бес жыл бұрын әкеммен қатты ұрсысып, үйден кеткенмін. Сол кезден бері бір-бірімізге тіл қатпайтын болдық. Тіпті отбасы бірге жиналған кездерден басқа сәттерде, онымен кездеспеуге тырысатынмын. Үйге жеткенімде «жақсы көретінімді» әкеме айтуға ниеттендім. Осындай шешімге келудің өзінен үстімнен ауыр жүк түскендей болды. Үйден шығып, ата-анамның үйіне бардым. Олардың есігін қағып, есікті әкемнің ашуын тіледім. Өйткені бірінші анамды көріп қалсам, жақсы көретінімді оған айтып, әкеме жолығуға тағы да батылым бармай кететінімді сездім. Есікті әкем ашты. Табалдырықты аттамай есіктің алдынан:

- Әке, сені жақсы көретінімді айту үшін келдім, - дедім. Әкем бірден мүлдем басқа адам болып кеткендей болды: жүзі жұмсарып.. көзі жасаурады. Мені құшақтай алып, басымнан сипалай берді де:

- Мен де сені жақсы көремін, ұлым менің. Осыны ертерек айтпағанымды кешір, - деді.

Екі күннен кейін әкем инфаркт болып, ауруханаға түсті. Әкеме жақсы көретінімді айтпай тағы жүре бергенімде.. оған жақсы көретінімді айтып үлгермегенімде.. Олай ойлаудың өзі қорқынышты.

Айтайын дегенім – жақсы көретінімізді дер кезінде айту керектігін жақсы ұққандаймын. Рахмет сізге!

Құдай мені суретке түсіріп тұр
Сағыныш
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу