Ләйла Сұлтанқызы бейәдеп оқырмандар 130, 131-баптармен жазаланатынын айтты
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде намысына тиетін сөздер жазатын оқырмандарды заң шеңберінде жазалай алатынын хабарлады. Бұл туралы журналист Instagram парақшасында мәлімдеді.
"Ауыздарыңа ие болыңдар! Елбасының пікір білдірушілерге қатысты хабарламасынан кейін. Бұл енді тек блогерлерге емес, бәріне қатысты. Инста-батырларға да, псевдо-мықтыларға да! Карусельде оқырманы көп әріптестеріме жазылатын пікірлердің 21+ атасы да, 18+ көкесі де бар... Мұндағы мысалдар тағы жай ағасы мен апалары.
Елбасы бүгінгі жиналыста желіде жала жауып, ғайбат сөздер жазған адамдардың жазасын ауырлатуды тапсырды. Байқап сөйлеп, аңдап жазбағандар, қылмыстық кодекстің 130-бабы мен 131-баптары бойынша жазаланады. Кодекспен танысып шығу артық болмас", - деді ол