WhatsApp қара түске боялады

Oinet.kz 01-04-2019 941

image_l.jpg

WhatsApp мессенджерін құрастырушылар желінің жаңа мүмкіндігін сынақтан өткізуде. Бұл туралы massaget.kz жазады.

 Жуық арада мессенджерде қара түсті режим пайда болмақ. Қара түсті таңдау мүмкіндігі Android платформасындағы құрылғылар үшін қолжетімді болады. Мессенджердің 2.19.82 бета-нұсқасына тест ретінде енгізілген. Қолданысқа толықтай қашан енгізілетіні нақтыланған жоқ. Қара түсті режимді қолданушылар өздері таңдайды. Таңдағаннан кейін мессенджер қара түске боялып, ал жазу ақ түсті болады. Мессенджерді құрастырушылар желінің жаңа мүмкіндіктерін күн санап дамытып келеді. Жуырда ғана спам ақпараттармен күресуді және сурет бойынша іздеу жүйесін іске қосатындары жайлы хабарлаған болатын.

0d79983a0d0343a18d1c26f5c31f5a81.jpg

Аты аңызға айналған «Жетіген» ансамблінің солисі өмірден озды
Көлікте сақтауға болмайтын 7 зат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу