Диана ханшайымды кім өлтірді?
06-11-2019
Англияның Бристоль қаласының тұрғыны үш жыл бұрын көз жұмған күйеуінен экстракорпоральды ұрықтандырудың (ЭКҰ) көмегі нәтижесінде егіздерді дүниеге әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Oinet.kz сайты.
Люси Келсолл Дэвидке 2012 жылы тұрмысқа шыққан. Ерлі-зайыптылар отбасылық өмірдің бірінші күнінен бастап балалы болуға әрекет жасады, бірақ екі жылдан кейін Дэвидке қорқынышты диагноз қойылды - комейдің қатерлі ісігі. Содан кейін ерлі-зайыпты Люси жұбайы көз жұмған жағдайда ЭКҰ арқылы жүкті болуы үшін эмбриондарды қатыруға шешім қабылдады.
2017 жылы Дэвид мойнындағы ісікке байланысты көз жұмды.
“Өлімінен бірнеше күн бұрын мен оған сенің балаңды туамын дедім. Бұл оны бақытты етті. Ол керемет әке болар еді", - деп еске алады 37 жастағы Люси.
2019 жылы ЭКҰ-ны екінші рет жасап көру әрекетінен кейін Люси егіздерге жүкті болды. Ұлдарын Дэвид және Сэмюэл деп атады.
"Мен күн сайын балаларға әкелері туралы айтып беремін, ол олардың өмірінің бір бөлшегі болғанын қалаймын. Сонымен қатар, менде Дэвидпен бірге түскен суреттерімнің фотоальбомы бар. Балалардың дүниеге келуі Дэвидтің біздің жүрегімізде мәңгі қалатынын растады", - дейді Люси.