Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Украинада қоқыс үйіндісінен табылып, артынша сәбиін босанған 12 жасар қыздың оқиғасының мән-жайы белгілі болды.
«Салмағы 3 келіден асатын және бойы 47 сантиметр болатын сәби перинаталдық орталықта дүниеге келді. Жүкті қыз бұл жерге қоқыс үйіндісінен жеткізілген. Ол жерде қыздың Закарпатьеден келген туыстары өмір сүріп, жұмыс істейді екен. Қыз босанған кезде оның анасы да жанында болыпты. Ол 27 жасында әже атанды», - делінеді хабарламада.
Дәрігерлердің сөзінше, жас босанған әйел мен ұлының жағдайы қанағаттанарлық. Толғақ 10 сағатқа созылып, қиындықсыз өткен.
Перзентхана бас дәрігерінің неонатология бойынша орынбасары Галина Ковалеваның сөзінше, кәмелетке толмаған ана ұлының жанына келіп, оны емізгісі келеді екен. Алайда сәби туа бітті ақаумен дүниеге келгендіктен, омырау сүтін емуіне болмайды.
Аталғандай, 20 жастағы жас әке де ром екен. Ол баласынан бас тартпайды. Қазіргі уақытта оны полиция іздестіріп жатыр. Жас жігіт 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ал босанушы әйелдің жасы мұндағыларды таңғалдырмайды. Ром Владимир Папаның сөзінше, оларда мұндай жағдай болып тұрады. Оның өзінің әйелі де 13 жаста екен.
Анасы мен қызы қоқыс үйіндісіндегі лашықта өмір сүрген. Оның іші санитарлық жағдайға сай келмейді.
Ал қоқыс сұрыптау кәсіпорнындағылар 12 жасар қыздың жүкті екенін білмегендерін айтады. Ендігі оны жұмысқа жібермейді.
Дереккөз: https://stan.kz/