Италия дәрігері доктор Даниелленің жазбасы

Oinet.kz 17-03-2020 6133

Біздің ел өте ауыр жағдайға душар болды. Ауру адамдар бақиға аттанар алдында жылайды. Ата-анасына, бала-шаға, немересіне, ағайын-туысына қош айтқысы келеді. Бірақ болмайды. Көөөп жағдайда бір үйдің екі адамы бір күнде өліп жатыр. Балалары, немерелері ақтық сапарға шығарып сала алмай, алыстан қарап қалып жатыр.

picture2_koronavirus-italj_366052_p0.jpg

Бұл дерттен сауығып кету - мыңнан біреуі ғана. Біз жәй көмектесіп қана отырмыз. Ауруханаға барғаннан ештеңе өзгермейді, нәтижесі біреу-ақ. Ол – ӨЛІМ. Дәрігерлер, медбикелер тек жылай береді. Қолынан түк келмегені үшін өкініп жылайды.Бұл дерт кедейлерге тіпті көп тиеді.

Қайда қарасаң да ауырып, шаршап, жылап.... жатқан адамдарды көресің. Аурудан жазылмайтын адамдардың атын біз ҚЫЗЫЛ сиямен белгілейміз. Ал ол жерден сіз басқа түсті сиямен жазылған ат таппайсыз. Қазіргі жағдайда біздің елде қызыл сиялы қаламнан басқа қалам жоқ сияқты. Адам біткеннің ауруы бірдей. Баратын жері - ӨЛІМ, ӨЛІМ. ӨЛІМ. Бізде оташы..., көздің..., іштің,... әйелдердің,.. баланың... тістің... дәрігері деген жоқ. Барлық дәрігер тек коронавирустің ғана дəрігері болып өзгерді. Аурухананың барлық бөлімі адамдарға толды. Үсті үстіне қосылуда. Бірақ тексеріске кіріп қайтады. Жауабы: Ауру, ауру, ауру... Қазір ешбір ауруханада ота... анау-мынау ауруларға ем жасалмайды. Тек корона... Сене алатын емеспін. Бәрі өте тез болды... Халық шаршады...

Дәрігер менің өзім бір ай бойы үйіме барған жоқпын. Отбасымды ойлап қатты қорқып жүрмін. Балаларымды тек камерадан көремін. Суреттеріне қарап жалғыз өзім жылап отырмын.

Бұл ауру жәй ғана тұмау дейтін адамдар, сендерді қарғыс атсын.

Адамдар! Үйлеріңнен шықпаңдар. Супермаркеттерге бармаңдар. Қайдан іздесең де масканың табылмауы қауіпке апарып соқтырып жатыр. Өздерің тіксеңдер де жәй шүберектен болса да маска жасап, тағыңдар! Өздеріңді, бала-шағаларыңды, ағайын-туыстарыңды сақтаңдар....Дұрыс тамақтаныңдар.

Біздің дәрігерлердің көбі өздері ауру таратушыға айналды. Ең өкініштісі сол, адамдар өздерінің ең жақындарына таратып жатыр. Қаншама мың адам өмірінің соңғы шегіне жетті.

Доктор Даниэле Машини

(Итали Бергамо Humanitas Gavatseni ауруханасы)

Қойдың басын әкесі тірі адам ұстай ма?
Сабақ болар оқиға(аудармасы)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу