Бахара сүресінен кірпік шығады, соны қайнатып ішсе, вирусқа ем болады

Oinet.kz 06-03-2020 2621

Исламда екі түрлі емдеу шарасы бар:

1. Медицина жолымен емделу. Бұған тәжірибемен дәлелденген сахих хадистердегі кейбір ем-дом шараларын жатқызсақ болады. Мысалы, хижама жасату, қара зере ішу, т. б. Ардақты Пайғамбарымыздан (с.а.с) бір бәдәуи: «Уа,Алланың Елшісі! Науқастансақ, емделейік пе? – деп сұрағанда, Ол (с.а.с): «Әрине. Ей, Алланың құлдары, ауырсаңдар емделіңдер!Кәріліктен басқа барлық ауруға ем бар», - деп жауап берген. 

0UZfr219Q7U8fsNg-lg.jpg

2. Құран аяттар мен Пайғамбарымыз үйреткен дұғалармен дем салу арқылы емделу. Құран Кәрімде былай делінеді: 

«Біз Құраннан шипа болар әрі мүміндерге рахым болар (аяттар) түсіреміз. Залымдардың болса, тек шығынын арттырамыз»

Ендігі жерде, кірпікті қайнатып ішу медицинада айтылмаған. Оның растығын анықтау медициналық зерттеуді қажет етеді. Дінде де «кірпікті қайнатып ішу» деген нәрсе жоқ. 

Дінімізде аян немесе түстен үкім шығарылмайды. Түстегі айтылған нәрселер көбіне иесіне ғана қатысты болып келеді. 

Тоқ етерін айтқанда, Құран парағынан табылған кірпікті ем үшін  ішу деген нәрсе – шындыққа жанаспайды, ақыдға да, нақылға да теріс сөз. 

Алла баршамызға тәуфиһ бергей!

Дереккөз: Islam.kz

Балаға кигізетін ит көйлектің шығу тарихын білесіз ба?
Екеу болып кетіп, үшеу болып оралған ана!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу