Бала тілі - бал. Балалардың қызықты сөздері

Oinet.kz 16-01-2020 1676

Ересектермен салыстырғанда балалардың көзімен өмір қызықты, әрі өте қарапайым. Баланың тілі бал болатыны рас екен-ау. Бүгін біз сіздерге кішкентайлардың қызықты диалогтарын ұсынамыз. 

Screenshot_20.jpg

– Мен кеше қатты құлап қалдым ғой... 

– Жыладың ба? 

– Жоқ! 

– Жарайсың! Неге жыламадың? 

– Үйде ешкім жоқ қой... 


– Анашым, дастархандағы үлкеееен торт ағама ма? 

– Жоқ, саған. 

– Неге кішкеееентай-ақ?.. 


– Анашым, кактус қолыма инесін кіргізіп алды. 

– Кактус емес, өзің бірінші тиіскен шығарсың! 

– Жоқ, өзі ғой бірінші бастаған!  


– Анашым, саған менің анам болғаның үшін үлкен-үлкен рақмет! Егер мені сен емес, басқа біреу туғанда мен бәрібір одан қашып кетіп, сені іздеп тауып алар едім... 


– Анашым, әкем неге «Мен саған қалай тез арада ата атануға болатынын айтайын ба?» дегенімде қызарып кетті? 

– Сонда оны қалай ата қылмақсың, қызым? 

– Оған тек шашын ақ түске бояп, сақал жабыстырып алса болғаны... 


– Әке, кейін әйел алсам, қанша жыл тұруым керек? 

– Өмір бойы, балам! 

– Мәәә, он бір жылдық мектеп, төрт жылдық оқу, сосын өмір бойы әйел...  


– Анашым, маған кәмпит берші, болшы, кәмпит берші. Анашым, кәмпит деймін! 

– Үндемей отыра тұршы, сосын беремін! 

– Анашым, қара мен үндемей отырмын, берсей енді. Үндемей отырмын ғой...


– Кеше сабаққа неге келмедің?

– Ағам ауырып қалды.

– Оған сенің не қатысың бар? Әлде емдедің бе?

– Жоқ, мен оның велосипедін тептім.


– Айналайын, айта ғойшы, екіні екіге көбейтсе неше болады?

– Төрт болады.

– Жарайсың, міне саған сол үшін төрт кәмпит!

– Тууууу, он төрт деуім керек еді!


– Мама, бүгін бізді мектепте дәрігер қарады.

– Иә, ол не тексерді?

– Ол біз демаламыз ба, жоқ па, соны тексерді.


– Әке, барабан сатып әперші.

– Жоқ, тарсылдатып, мазамды аласың!

– Жоқ, мазаңды алмаймын, тек сен ұйықтағанда ғана тарсылдатамын.


– Сен неге сабақта алма жеп отырсың?

– Үзілісте уақытты бос жібергім келмейді.

Мәди Қожаұлы Биғалиев. Жаңа формация адамы
Здоровый пофигизм – путь к счастью
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу