Сен үшін бәрін ғалам жасайды

Oinet.kz 08-11-2019 1301

бақыт.jpg

Бақыттың есігі ішке қарай ашылмайды, сондықтан күшпен тепкілегеннен түк шықпайды. Бақыттың есігі іштен сыртқа қарай шалқая ашылады. Оған не істей аларсың?

Серен Кьеркегор

У-вэй ұстанымына сай өмір сүру деген Ғаламға толық сену деген сөз. Неге «еш әрекетсіз-ақ әрекет болады» дейміз? Неге бәрі өздігінен бола салуы керек? Қалай?

Жауабы мынада: Дао күллі дүниенің жаратушысы. Себебі, айналаңыздағы жаратылыстың бәрі сіздің қолыңызбен жасалмаған. Ары кеткенде өзіміз сияқтыларды дүниеге келтіре аламыз. Бір жері ұқсап қалуы да ықтимал. Негізінде дүние есігін де өздігімізден ашамыз. Адам белгілі бір күштің әсерінен дүниеге келмейді ғой. Тоғыз жүкті әйелді қатар отырғызып қойсаңыз да олар бір айда бала таппайды. Бала толық жетілгенше ананың құрсағында жатады – пісіп-жетілгенде дүние есігін ашады.

Басқа заттарда солай: бәрі дамиды, жетіледі, өседі, ішкі заңдылығына сай құрылымдарға бөлінеді. Материалды деңгей физика мен химияға бағынады, ерік-жігер мета-когнитивті заңдылықтарға тәуелді. Басты заңдылықтың бірі: бақыт сырттан келеді, ал бақытсыздықты іштен тудырамыз. Өзімізді өзіміз бақытсыз етеміз.

Бұл заңдылыққа мынадай өзгерту енгізейін: әр адам бақытты болуға ұмтылады дегенді айтпаса да болады. Олай емес. О бастан біз тірі қалуға ұмтыламыз. Бейімделеміз. Даму құндылығы мен жетілу бізге кейін келеді. Оның өзі әркімге бұйыратын бақ емес. Мұнда басты рөлді ұлттық діл ойнайды. World Values Survey зерттеушілерінің айтуынша, құндылықты жалпы екі топқа бөледі екен: тірі қалу құндылығы мен өзін көрсетудің құндылығы.

Орта Азия елдері тірі қалу құндылық полюсіне жақын екен. Үнемі тірі қалуды ойлап-уайымдайтын адам қалай бақытты болады? Ол бақытты ойламайды. Сондықтан өміріңізде жақсылықтар орын алуы үшін келесі нәрселерді жасамау керек:

- күтпе (көмек, құтқаруды, не болса соны);

- күйгелектенбе, жүйке тоздырма, алаңдама, мазасызданба;

- алғыс, кепілдік, үстемақы күтпе;

- реніш жинама;

- манипуляция жасаму;

- өзгеден кінәліні жасама;

- әркімді, әр нәрсені қадағалама;

- қорықпа.

Осы жаман әдеттің бәрі қайдан жұқты? Өмір сүруге деген үрейден туған. Жалғыздықтан, өзіңе сенбеуден, Ғаламға сенбеуден туған.

Ғалам соның бәрін айнадағы сұлба ретінде қайтарды. Егер адамда сенім болмаса, Ғалам да саған сенбейді. Бақытты болу үшін – бақытты ойлай бермеу керек.

Махаббат деген етістік, зат есім емес. Сүйіспеншілікте өмір сүріп, онымен бөлісу керек. Оны күтпейді, іздемейді. Э-М Ремарк айтыпты ғой: «Саған әйел керек болса, бар да ертіп кел» деп. Негізі азаматтарға қарата айтылған сөз. Біздің ғасырда әйелдерге де қатысты боп қалар деп ойладық. Сен не өзіңді көрсетесің, не тірі қалудың қамынан шыға алмайсың. Арман – ішкі тұсбелгі (компас), өзіңді жетілдіру – арманды жүзеге асырудың тәжірибесі, жолы.

Өзіңді жетілдіру үшін көп армандай берудің қажеті шамалы: жаназамды салтанатты түрде өткізсем деп ешкім армандамайтын шығар. Шамаң келсе, жаназаңа емес, арманыңды орындауға ақша жина. Бәлкім, біраз адам менімен келіспес.

Ғаламға сені бақытты етуге рұқсат ет. Өзін жетілдірген, рухани өскен адам ғана бақытты болмақ. Өзінің парызын, борышын тапқан адам бақытты. Өзінің өмірлік миссиясын тапқан адам бақытты.

Өмір бір-ақ рет беріледі. Басқа мүмкіндік болмайды. Сондықтан тек қазір, тек осы жерде. Жақсылап ойлан.

Аударған Шынар Әбілда

Адам зиялы болуы тиіс!
Арқа сүйер ешкім жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу