Аллаға сенбеймін

Oinet.kz 07-11-2019 1779

шаштараз.jpg

Бір кісі шашын қидыруға шаштаразға барды. Бір уақытта шашын алып жатқан шаштаразбен арада Алла жайында әңгіме басталып кетеді. Шаштараз:

— Мен сен айтқандай Алланың бар екеніне сенбеймін,- деді.

— Неге сенбейсің?- деп сұрады бұл. Шаштараз:

— Мұны түсіндіру оңай, ол үшін сыртқа шығу жеткілікті, егер Алла бар болса, осыншама ауру, үйсіз, жетім, бейшара адамдар болатын ба еді? Алла неге осы адамдарға көмектеспейді? — деді. Адам оған қанша түсіндіруге тырысса да, шаштараз мойындамады. Ары қарай ұрыс басталып кетер деп үнсіз қалды. Шаштараз ісін бітірген соң бұл сыртқа шығып қараса, шашы өсіп кеткен біреу жолдан өтіп бара жатыр екен. Бірден кері кіріп шаштаразға:

— Білесің бе, менің ойымша, өмірде шаштараз деген жоқ, — деді.

Шаштараз:

— Бұл қалай екен, міне мен шаштаразбын, тұрмын ғой, — деді.

— Сонда да жоқ, егер болғанда, көшеде мұнша шашы өсіп кеткен адам болар ма еді? — деп әлгі жүргіншіні көрсетеді.

Шаштараз:

— Олар маған өздері келіп, шаштарын алдырмаса, онда менің не кінәм бар? — деді.

— Өте дұрыс, Алла бар, ал адамдар оған өздері бармаса, кінә өздерінен, міне сол себептен дүниеде жамандық, қайғы, қасіреттің белең бой алуы, — деп жауап қатты.

Біреулер көзін қысып көрмедім десе, құлағын жауып естімедім десе, кінә өздерінен. Пайғамбар (с.ғ.с.) келді, естіртті, ал бойұсынбағандарға ауыр азап бар.

Дайындаған Айдос Әбдірашидұлы,

Ақ ит пен қара ит
Халяль, Халал әлде Адал?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу