Қытайлықтар мен қазақ жігіттерінің арасындағы төбелес туралы тың мәлімет шықты

Oinet.kz 10-10-2019 1831

image.png

Талдықорғандағы Citic Construction ЖШС-нің жұмысшылары шетелдіктер мен жергілікті тұрғындарға тең еңбек жағдайы жасалмағанын алға тартып, әлеуметтік желіге видеоүндеу жолдады, деп хабарлады OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Кәсіпорын "Алматы - Өскемен" автокөлік жолы учаскесінің құрылысымен айналысады. Жұмысшылар Қытайдың үш азаматы этникалық қазақты соққыға жыққанын айтқан. 

Оқиға орнына облыстық полиция департаментінің басшысы бастаған топ жетті. Тәртіп сақшылары тараптармен кездесіп, қажетті тексеріс жүргізді.

Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, Citic Construction-ның төрт қызметкері (бәрі Қытай азаматы) арасындағы жанжал жұмысқа байланысты туындаған. Олардың бірі – этникалық қазақ жеңіл дене жарақатын алды.

Кінәлілер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1 бабы ("денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру") бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.

Ведомстводағылар жергілікті тұрғындар оқиғаның байыбына бармай, келесі күні өндіріс нысанындағы шетелдіктерді соққыға жыққанын айтты. Қытайдың төрт азаматы ауруханаға жеткізілді.

"Бұл факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 293-баптың 3-бөлігі ("Бұзақылық") , 107-баптың 2-бөлігі("денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру")  және 106-бабы 2-бөлігі ("денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер анықталып, ұсталды", - деді Алматы облысы полициясының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ 33 шетелдік жұмысшыны тексеру кезінде көші-қон заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталды. Олар жауапқа тартылды. Шетелдіктерді депортациялау мәселесі шешіліп жатыр.

Полиция Алматы және Алматы облысында тіркелген бірқатар заңды тұлғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 394-бабы ("заңсыз көші-қон ұйымдастыру")сотқа дейінгі тексеріс басталғанын хабарлады. Оқиғаны ішкі істер министрі өз бақылауына алды.

image.png

Қытайда әлемдегі ең биік сегізінші мұнара ашылды
Тұңғышбай Жаманқұловтың ғимараты бұзақылар мен қаңғыбастардың мекеніне айналған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу