Шымкентте азық-түлік бағасы қымбаттап кетті

Oinet.kz 02-10-2019 980

Картинки по запросу азық түлік қымбаттады

Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы шарықтап барады. Көкөністің отаны саналатын өңірде қыс түспей қызынақ пен қияр қымбаттап кеткен. Бұдан бөлек жұмыртқа мен күріш те біршама көтерілген. Ал шенеуніктер тұрақтандыру қорының болмауы себебінен бағаны ырыққа келтіре алмай отырғанын айтады, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап.

«Қазір енді огород бітіп жатыр, соңғы огородтар ғой бұлар, кезінде 150 болса, қазір 250-230 дан болып жатыр», - дейді сатушы Санабар Дарбишова.

Үшінші мегаполисте жұмыртқа бағасы да едәуір көтерілген. Қазір ең ірісі - 40 теңгеден сатылып жатыр. Орташасының өзі 33-35-тен кем емес. Сатушылардың айтуынша тамыздың ортасында 2-3 теңге қосылыпты. Бұл болмашы көрінгенмен қарапайым халық үшін кәдімгідей қымбат.

Ет те арзан тұрмайды. Сиыр еті -2 000 - 2500, жылқы еті -2300-2800 теңге аралығында.

«5 мыңға екі келі ет апарасың, болды, 2600 теңгеден. Есептей бер, 5 мыңға 2 келі етің үш-төрт адам болса, бір-ақ асасың», - дейді Шымкент қаласының тұрғыны Қалакүл Шалабаева.

Басшылық азық-түлік бағаасын тұрақтандыру жөнінде мардымды ештеңе айта алмай отыр. Тіпті сату бағаларын да білмейтін болып шықты.

«Бізде 14 нүкте бар, ол жерде біз үстемесіз сатқызамыз. Ал 10 пайыз қосатын өзге орындардың тізімі сәл кейін хабарланады. Қазір сату бағасы белгісіз. Қараша айында белгілі болады. Қазанның соңына дейін жинақтап, сақтауға жөнелтеміз», - дейді «Ертіс» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары Елдос Байрахметов.

Шымкентте тұрақтандыру қоры жоқ. Тығырықтан шығу үшін ірі сауда нүктелеріне пайызсыз қаражат бөлмек.  

Елімізде 10 қазанда жаңа мереке тойланбақ
500 тұрғыны ғана бар Бөрте ауылының келіні қалай танымал болды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу