500 тұрғыны ғана бар Бөрте ауылының келіні қалай танымал болды?

Oinet.kz 02-10-2019 2389

Screenshot_17.jpg

Инстаграм әлеуметтік желіде танымал болған,  500 тұрғыны ғана бар ауылдың келіні жайлы білесіз бе? Өзін тракторшының махаббаты деп таныстыратын Айнұр өз посттарында ауыл тіршілігін сипаттау арқылы оқырманның көзайымына айнала білген. Бұл туралы Oinet.kz тілшісі жазады.

35 жастағы, 3 баланың анасы Жакенова Айнұр қарапайым ауыл өмірін суреттеп, келіннің міндеттерін жіті түсіндіруімен танымал болған.

«Біздің ауылда ұялы байланыс мүлдем жоқ. Кей жерлерде ғана ұстайды. Біздің үйде мысалы терезенің алдында ғана ұстайды. Оның өзі кейде жоғалып кетеді. Жасыратыны жоқ, кейде шөптің үстіне, тауға, шатырға шығып кетуге тура келеді. Ең алғаш рет, жүгіріп келіп, өзімнің таңертеңгі күнім туралы пост жаздым. Ол кезде 300-ге жуық қана оқырманым бар еді, оның көбісі туыстар, достар болатын. Сол постқа пікірлер көп жазылды. Осыдан шабыт алып, күнделікті өмірім туралы посттар жаза бастадым. Оқырмандарым да күн санап өсе бастады. Шынымды айтсам, аз уақыт ішінде жоқтан бар жасап, осындай оқырман жинаймын деп ойламаппын. Оқырман санының көп болуы, парақшамның шынайы әрі позитивті екенін дәлелдейтін шығар», - дейді Айнұр 

Screenshot_18.jpg

«Сәлем бердік,оқырманым! Өзін Тракторшының махаббаты деп атайтын, Ақтөбенің ақ келінінің сәлемін қабыл алыңыздар. Қыз-ау, қайда кеттің жоғалып?деп жатқандар бар екен. Қуанып қалдым кәдімгі. Мына қатын то май былғайды, то балшық былғайды деп жатсыздар ма? Осы қораның қабырғасын майлауға құнттамай жүр ем. Сосын атам мен енемнің Құрбан айтқа садақа береміз деген сөзінен соң, фук еткізіп саз балшыққа сабанды қосып майлап тастадым. Қонақ келеді десе, үйдегі көп дүниенің көзі ашылып, мен сияқты еріншектеу қатындар #ыскоросты қосатыны рас қой, я? Әйтпесе, қаймақ қатқан күрең шайды сіміріп отырып, ауылдың авторитетный кемпірлерінің бірі "Бетім-ау, мынау не пәле? Осы үйдегі келіннің түрі ғой көз тоярдай, қабырғасының түрінің жаманын-ай!"деп ернін сылп еткізіп, бетін бір сызар, я? Қалғандары да "Қазіргі қатындар дым істемейді ғой, дым. Баяғыда біздер.." деп қосыла кететіні тағы бар. Абырой барда, майлап ақтап алайын, мынауский  қылып. Құрбандық болған соң, ауылды түгел шақыру керек. Молда атадан басталған #ысписокты енем жазып, атама бекіттіреді. Тамақтың #ыспискасын мен жазып енеме бекіттірем. Енем бекіткен #ысписокпен дядя Мишаның ескі #аптауызына мініп алып, қалаға кетем. Көршіден астында "Б.А." деген лакпен жазылған жазуы бар посуда аламыз. Ол дегеніміз Бақтыбаева Алмабике????. Прозрачный ыдыстан әлгі лак көрініп тұрады????. Қонақ "Әәә, Алмабике апаның ыдыснан тамақ жеп отыр екем ғой"деп біліп отырады. Өйткені ауылда осындай бәрінің коды бар. Менде Ж.А.еді енді Т.М. қылып өзгертпесем. Пәленше, түгенше деп жазылған столдар жинаймыз ауылдан. Ыдыста әйелдері жазылса, столда ер адамдардың аты жазылады. Мы открились, Распродажа, Скидка деген баннерлерден палатка құрылады.  Біздің ауылдың бәрі типа осылай істейді? Сіздерде де сол ма?», - дейді Бөртелік келін. 

Шымкентте азық-түлік бағасы қымбаттап кетті
Мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақытында смартфон ұстағаны дұрыс па?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу