Жамбыл облысында 4 бірдей сібір жарасы тіркелді

Oinet.kz 17-09-2019 1090

Screenshot_1.jpg

Жамбыл облысында 4 бірдей сібір жарасы тіркеліп, ауруханаға жатқызылған. Бұл қауіпті диагнозды зертханалық тексеру нәтижесі де растады. Тіркелгендердің төртеуінің де денелері қатты бөріткені туралы шағым айтып келген. Нәтижесінде төртеуі де мал союға қатысқаны мәлім болды.

«Науқастардың төртеуі де жануарлармен байланысы бар, себебі төртеуі де шаруа қожалығында шопан болып қызмет атқарады және мал союға қатысқан. Бір апта, он күн өткен соң денелері қатты бөріте бастаған», - дейді Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері Гүлфайра Мырзабекова.

Науқастар дәрігерге дер кезінде жүгінген, жара ағзаны енді зақымдай бастаған. Қазіргі таңда олардың жағдайы орташа. Емдік шаралар кем дегенде 20 күнге созылмақ. Тағы 44 адам, яғни туыстары, әріптестері және аудандық мал дәрігерлері бір апта дәрігердің бақылауында болады.

Алайда шаруа қожалығы орналасқан Шақпақ ауылында карантин орнатпақ емес. Себебі билік өкілдері адамдардың жараны ірі қара малдан жұқтырғанын растамай отыр. Олардың айтуынша, шопандар жұмыс істеген қожалықта сібір жарасының белгілері тіркелмеген. Ер азаматтар ауруды басқа жұмыс кезінде жұқтырған болуы да мүмкін. Мысалы, құдық қазу кезінде. Себебі жараның қоздырғышы жерде жылдар бойы сақталып жатады. Соған қарағанда жануарлар басқа бір жұқпалы емес ауру нәтижесінде құлаған болуы мүмкін», - деген Жамбыл облысы әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Қанатбек Қартабаев адамдардың ауруды шаруа қожалығынан жұқтырғаны туралы ақпаратты құптамайды.

«Сібір жарасының қоздырғыштары кез келген жерде болуы мүмкін. Топырақта да, суда да кездесе береді. Сондықтан олардың қайдан жұқтырғанын табу қиын», - дейді Қанатбек Қартабайұлы.

Цифрлық даму министрлігіне қарасты мекемелер экочэлленджді қолдады
Саяси сауатты жастар анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу