Алматы облысында пойыз автобусты соғып өтті
Алматы облысында автобусты пойыз соғып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша, төтенше жағдай "Екатеринбург-Алматы" тасжолының 2449-шақырымында Шамалған станциясында 15 қыркүйекте сағат шамамен 19.20-да болған.
«Автобус жүргізушісі дыбыс белгісіне қарамай, теміржолға шығып кеткен. Салдарынан пойыз автобусты соққан», - деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұлов. Сондай-ақ, ведомстводағылар оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.