Анара Батырхан: «100 мыңға да, 50 мыңға да тойға шығамын»
Әнші, актриса Анара Батырхан 31 арнаға берген сұхбатында, тойға ән айтып та, басқарып та беретінін айтты. Бірақ қатып қалған баға жоқ екенін ескертті, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі.
«Менде бір қатып қалған баға жоқ. Мысалы, «Анара біз сіздің шығармашылығыңызды жақсы көреміз, бірақ біздің жанұямызда ондай ақша жоқ. Менің қызым сізді жақсы көреді, ұзатып бересіз бе» десе, мен айтпаймын ғой сіз маған миллион беріңіз әйтпесе мен келмеймін деп. Ондай кезде 100 мыңға да, 50 мыңға да шығатын кездер болады, - дейді әнші Анара Батырхан.