Сара Тоқтамысова: «Әр клипте әр түрлі еркекпен аймаласып жатады»
Елімізге белгілі ақындар жарыса жарық көріп жүрген бейнебаяндарға көңілі толмайтынын айтып, әншілерді сынға алды. Өз пікірін ашық жеткізген Сара Тоқтамысова, Шөмішбай Сариев сынды ақындар тіпті жұлдыздардың ісіне таңданатынын жеткізді, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі «Астана» арнасына сілтеме жасап.
«Ол өспей ме? Оның бала-шағасы өспей ме? Күйеуі қарамай ма? Қайын жұрты қарамай ма? Өз елі, әкесі жоқ па? Мен ойлаймын да, бір адам болса мейлі екен, әр клипте әр түрлі еркекпен аймаласып жату деген, білмеймін өзімнің менталитетіме келмейді екен. Сонда ойлаймын қалай жауап береді екен. Дұрыс қабылдай ма екен? Жолдасымен көріп отырғанда қысылмай, қымтырылмай көре бере ме екен», - дейді ақын Сара Тоқтамысова.
Ақындар қашан да зиялы қауым өкілдеріне жатқандықтан, әннің сөзіне, оған түсірілген бейнебаяндарға сын көзбен қарауы заңды.
«Шәмші ағаларымыздың замандарында ибалылық, ізеттілік осылар алға тұрды. Енді қазір анайылық басым болып кетті», - дейді қаламгер Шөмішбай Сариев.
Ақындар алтын қорда сақталатын бейнебаяндарға алаңдаулы. Ашық-шашық киініп, анайы әрекеттерді бейнебаянға түсіру ертеңгі қорға зиянын тигізеді дейді.
«Бәлкім, кейбір адам ойлауы мүмкін «ой сендердікі бұрыңғы менталитет, сендер дұрыс ойламайсыңдар, жалаң» дейтіндер бар енді. Ойлайтын адамдар ойлай берсін. Мен өз пікірімді айтудан ұялып тұрған жоқпын. Бірақ мен өзім сыйдыра алмаймын оны», - дейді ақын Сара Тоқтамысова.
Қаламегерлер тек бейнебаянға ғана емес, қазіргі әндердің сөзінің де мән мағынасы жоқ екенін айтып күйінді.