Бойжеткенді жабылып зорлаған 14 еркек бостандықта жүр

Oinet.kz 06-09-2019 1188

Қостанай облысы Арқалық ауданының аулында бойжеткенді зорлаған 14 еркектің үстінен қылмыстық іс қозғалмаған. Тіпті оларды полиция қызметкерлері ұстамаған. Бұл жөнінде заңгер Айман Омарова Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында айтып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Арқалық ауданында бір қызды 14 ер адам жабылып зорлаған. Зардап шегуші қыз осыдан кейін екіқабат болып, босанып та алды. Ал полиция зорлық жасаған ол адамдарды ұстаған да жоқ. Сізден осы мәселеге баса назар аударып, оның шешіміне ат салысуыңызды сұраймын. Зорлаушыларға қатысты мәселелерді, сот жүйесін де өзгерту қажет. Ол арада өз ісін жақсы білетін кәсіби мамандар отыруы керек», - деді ол Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде.

Адвокат Мемлекет басшысынан бұл істі жеке қадағалауына алуды өтінді. 


Дархан Мыңбай:«Журналистерге әуе және теміржол билеттері үшін жеңілдік берілуі қажет»
Хабиб UFC рекордын жаңартты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу