Ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды

Бүгін Келес ауданына қарасты Ошақты ауыл округінің Жиделі ауылында игі іс-шара өтті. "Ауыл" партиясының атынан сайланған аудандық мәслихат депутаты Қожағұлов Маханбет Үмбетұлының бастамасымен ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды.
Акция барысында ауыл аумағына түрлі ағаш көшеттері отырғызылып, табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны көркейтуге бағытталған жұмыстар жүргізілді. Бұл шара ауылдың экологиялық жағдайын жақсартуға және келешек ұрпаққа жасыл, таза орта қалдыруға өз үлесін қосады.
Мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенім мол.


