«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тағылымды шара өтті

Oinet.kz 18-04-2026

Screenshot_16.jpg

Бүгін Сайрам ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолға алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тағылымды шара өтті.

Аталған шара барысында «Ауыл» партиясының Сайрам ауданы бойынша аумақтық ұйымының төрағасы Жайлаубеков Есіркеп Оразбекұлы және партия белсендісі Тиналиева Гульзира Сериковна «Мұғалімдер аллеясының» ашылуына орай сенбілікке қатысып, аумақты абаттандыру жұмыстарына белсене атсалысты.

Іс-шара барысында қылқан жапырақты ағаш көшеттері отырғызылып, қоршаған ортаны көркейтуге және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам жасалды. Бұл бастама – туған жерді түлетуге, табиғатты аялауға және келешек ұрпаққа жасыл орта қалдыруға қосылған үлес.

Кантон жәрмеңкесінің 139-шы көрмесі өтуде
Гуанчжоу қаласында су тазартқыш заманауи құрылғылар таныстырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу