Министрлік мектеп бітіру кешіне қатысты қатаң мәлімдеме жасады
Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктері жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, мектеп бітіру кештерін өткізуге жаңа талаптар енгізуді жоспарлап отыр.

Енді аттестаттарды табыстау рәсімі тек білім беру ұйымдарында өтеді. Ал мектеп бітіру кештері тек білім беру ұйымдарында өтуі керек, одан тыс жерлерде ұйымдастырылмайды. Сонымен қатар, оқушылардан, ата-аналарынан қаражат және өзге де материалдық сыйлық жинауға қатаң тыйым салынады.
«Жергілікті атқарушы органдарға қаржылық шығындарды талап етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды», – делінген хабарламада.
Ішкі істер қызметкерлеріне құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырма берілді.


