Шоу-бизнесте көп қыз төсек арқылы көтеріледі – Құралай Анарбекова

Oinet.kz 13-03-2026

Танымал актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова тележүргізуші Дина Төлепбергенге берген сұхбатында кино әлемінің көпшілік біле бермейтін құпиясын ашты. 

Screenshot_1.jpg

Актриса “Жаужүрек мың бала” картинасындағы Қорлан рөлінен кейін танымалдылығы артып, көптеген ұсыныс түскенін айтты. Дегенмен сол ұсыныстардың бірі оның көңілін қынжылтқан.  

“Сол кезде шоу-бизнесте көп қыздың төсек арқылы көтерілетініне көзім жетті. Қорлан образынан кейін менің миымда “Мені барлық режиссер құрметтейді” деген ой қалыптасты, тіпті маған басты рөлді береді, кастингсіз өтемін деп ойладым. Сөйтіп, бір кастингке барған кезде режиссер “Кешке жақын шарап ішіп, бірге көңіл көтерейік” дейді, ал мен ол кісінің отбасы, бала-шағасы бар екенін білемін. Сондықтан бұл ұсыныс мен үшін шок болды. Батыстың қызы болғаннан кейін оған өте дөрекі жауап бердім”, – дейді ол.

Осы жағдайдан кейін Құралай Анарбекова қатты намыстанып, продюсер мамандығын игеруге бел буған. Осылайша, ол екі жылға Мәскеуге білім алуға кеткен.

“Бірге отырып шарап ішіп, көңіл көтерейік дегеннен кейін ақыр соңы төсек қатынасын ұсынып отырғаны белгілі ғой, менімен дос болғысы келді деп ойламаймын. Үйге келіп намыстандым, сонда актрисалардың ғұмыры осындай ма деп сауал қойдым. Өзі кішкентай кино саласында осындай ұсыныс жасау мен үшін өте ұят. Кейін режиссердің бастығы кім деген ой келді, ол – продюсер. Режиссерді ақша беріп продюсер жалдайды, міне, осылайша, продюсерлік білімді қай жақтан алсам екен деп іздене бастадым. Мәскеуге түсіп, оқып келсем, құндырақ болатынымды түсіндім. Мен оқып келгеннен кейін де байқасам, ешнәрсе өзгермеген, ол фильмді түсірген, ол халыққа өтпеген. Баяғы жартас, сол жартас. Ал мен сол екі жылдың ішінде мүлде басқа адам болып келдім”, – дейді актриса.

Продюсер бүгінде өзіне ұсыныс жасаған режиссерге ешқандай реніші жоқ екенін, керісінше оған тек ризашылық білдіретінін жеткізді. 

“Ол кісі туралы бүгінде көп естімеймін. Бірақ мен ол кісіге ризамын, рақметімді айтамын. Егер ол маған солай ұсыныс жасамағанда мен продюсер болмас па едім, намыстанбас едім. Миым қозғалып, мұндай шешім қабылдамас едім”, – деді ол.

Қанат Айтбаев ұлы Димашты балағаттаған блогерді сотқа берді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу