Түркістан облысында белгісіз ер адамдар 12 жастағы қызды көлікпен аңдыған (видео)

Oinet.kz 13-03-2026

Түркістан облысында белгісіз ер адамдар 12 жастағы қызды көлікпен аңдыған. 

Screenshot_33.jpg

Әлеуметтік желіде Түркістан облысының Сарыағаш ауданына белгісіз біреулердің көліпен 12 жастағы қызды қуғаны айтылған видео тарады.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көшеде 12 жастағы қызға белгісіз ер адамдар жақындап, оны үйіне жеткізіп салуды ұсынған. Мектеп оқушысы бас тартқаннан кейін олар қызды артынан жүре бастаған.

Оқиғаға бей-жай қарамаған ауыл тұрғындары араласқаннан ер адамдар қызды аңдуларын тоқтатқан. Оқиғаның видеосы көп ұзамай ауыл чаттарында таралып, тұрғындардың алаңдауына себеп болды.

Күдіктілер ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

ҚҰРЫЛТАЙ МЕН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Атырау облысында тағы да сарбаз қаза тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу