Танымал журналист бюджеттің дайын ақшасына үйренген ғылым тағы көгермейтінін айтты

Oinet.kz 30-01-2026 51

Журналист, Президенттің бұрынғы баспасөз хатшысы Нұрмұхамед Байғараев өзінің желідегі парақшасында Қазақстанда ғылым не үшін дамымай жатқанын түсіндірді. Ол мемлекеттің ақшасына арқа сүйеген ғылымның болашағы жоқ екендігін айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

481941307_948314370796959_5452502489782422983_n.jpg

"Өткенде университетте ғылым жайлы талқыладық. Ғылым адамдарымен тақырып талқылау бір бөлек қой. Талқылап жатып, аудиторияда екі лампа, проектор жұмыс істемейтінін, терезенің петлясы жоқ екенін байқадым.

Ақша жоқ жерде ғылым жоқ деген тоқтамға келдік. Неге? Өйткені докторантқа 262 мың стипендия төлеп, енді Астанада тек осы ақшаға өмір сүр, отбасыңды асыра, басқа жерде жұмыс істеме, тек ғылыммен айналыс деп айту өте қиын.

Сондықтан ол жұмыс істейді. Ал жұмыс пен ғылымды қатар ұстау – әдетте халтураға әкеледі. Көбіне жұмыстан бұрын ғылым зардап шегеді. Бәлкім содан болар Қазақстанда қорғалмай қалған докторлық диссертациялар проценті өсіп барады. Бірақ негізінен халықаралық журналдарға мақала жариялай алмау себеп.

Әрине, содан докторанттың 3 жыл оқуына бөлінген бюджет қаражаты ауаға ұшады.

Енді мәселеге басқа жағынан келсек, бизнес ғылымға тапсырыс беріп, коммерциялизацияланбай, ғылым дамымайды. Тек бюджеттің дайын ақшасына үйренген ғылым тағы көгермейді. Өйткені ғылым не бизнестің, не халықтың проблемасын шешетін жолдарды табу керек. Өмірін жеңілдету керек.

20 ғасырда ғылымды ірі ғалымдар жасаса, 21 ғасырда ірі тех.корпорациялар жасап жатыр.

Ал саясаттануға келсек, партия, НПО, кәсіподақ, медиа, азаматтық қоғамның басқа да институттарынан тапсырыс түспеген соң тек үкіметтің тапсырысына кіріптар. Гранттарға мұқтаж. Сондықтан отандық саясаттану әзірге кабинетный, теоретический бағытта келе жатыр. Негізгі жетістіr – қорғалған диссерлер. Бірақ олардың отандық саясаттануға әкеліп жатқан пайдасы көп пе? Сол диссердің қорытындысын мем.органдар, медиа, азаматтар өз жұмысында қолдана ма?

Еліміздегі үш зерттеу интитуты өзінің сауалнамасын жүргізіп, эксперттермен жұмыс істеп, практикаға жақын. Ал ЖОО-дағы саясаттану сол практикадан әлі алыста қалып отыр. Жеке көзқарасым" - дейді журналист. 

Вице-президентікке әйел кандидатура да қарастырылуы мүмкін
«Біз саған масыл емеспіз»: Түркістан облысын масыл деген Абзал Құспанға жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу