«Біз саған масыл емеспіз»: Түркістан облысын масыл деген Абзал Құспанға жауап берді
Заң ғылымдарының кандидаты Мақсат Елібай желідегі парақшасында Түркістан облысын масыл деп айтқан Абзал Құспанның ойымен келіспейтінін айтты. Оның айтуынша, Түркістан облысы елге адам ресурсымен, еңбек күшімен, ауыл шаруашылығымен үлес қосып отыр деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

"Абзал Құспан, біз саған масыл емеспіз... .
Дотация алу — масылдық емес, есесіне Оңтүстік өңірлер елге адам ресурсымен, еңбек күшімен, ауыл шаруашылығымен үлес қосып отыр.
Халық қалаулысы қоғамды бөлетін, резонанс тудыратын емес, керісінше елді біріктіретін тіл қолдануы керек. Бұл сөздеріңе қарап СЕНІ мәдениетсіз деп атауға құқым бар.
«Масыл» деген сөз — экономикалық термин емес, бұл кемсітуші баға. Өңірлерді айыптау оңай, ал сол өңірлерге инвестиция мен өндіріс әкелу — нақты жауапкершілік. Өз міндеттеріңді дұрыс орындамай халықты масыл дейтіндей кімсің СЕН?!
Бұл сұрақтар сені ойландыру керек, оқып ал:
- Егер оңтүстік «масыл» болса, неге сол өңірдің жастары еліміздің барлық қаласында еңбек етіп жүр?
- Не себепті құрылыс, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету саласында негізгі жұмыс күші — осы өңірлерден?
- Оңтүстіктің ірі компаниялары не себепті салықты Алматы, Астана қалаларына құяды?
Өңір масыл болмайды.
Масыл — саясаткердің өзі болуы мүмкін" - деп жазды Мақсат Елібай.


