Қандай мобильді аударымдар күмән тудыруы мүмкін: Қаржы министрлігі өкілі жауап берді

Oinet.kz 26-01-2026 42

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қазақстандықтардың мобильді аударымдары туралы пікір білдіріп, қандай аударымдар күмән тудыруы мүмкін екенін айтты, деп жазады Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_31.jpg

"Егер адам үш ай ішінде 100 түрлі тұлғадан аударым алса, бұл күмәнді. Оған той немесе туған күніне деп әр ай сайын түрлі адамнан ақша түсуі мүмкін емес қой?

Әріптестерінен жинаған болса, жарайды. Оны көріп отырамыз. Қандай да бір керек-жарағына жинаса, біз білеміз. Бірақ ол тауар сатса және түрлі адамнан әр түрлі сомада ақша түссе, оны да көріп отырамыз", - деді Біржанов.

Десе де, мұндай деректер болған жағдайда да, салық қызметкерлері бірден айыппұл төлетпейді, деп сендірді шенеунік.

"Біз хабарлама жібереміз, түсіндіруді, "неге шоттарыңызға ұдайы түрлі адамнан ақша түсіп тұрады" деп сұраймыз", - дейді вице-министр.

Қазақстандықтар соңғы жылы бәс тігу арқылы 400 млрд теңгесінен айырылған
ІІМ Threads-тегі алаяқтар туралы ескертті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу