"Боғауыз сөзді қымсынбай айтатын қазақтың қыз-жігіттері көбейіп келеді"

Oinet.kz 26-01-2026 46

Танымал журналист Жарылқап Қалыбай қазақ жастары арасында орысша боғауыз сөздерді жиі қолдану әдетке айналып бара жатқанын айтып, алаңдаушылық білдірді. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

17594773561103752.jpg

Журналистің жазуынша, ол асханада тамақ ішіп отырғанда көрші үстелде отырған жас жігіт пен қыздың әңгімесіне еріксіз құлақ түрген. 

«Асханада тамақ ішіп отырмын. Көрші столда қазақтілді жас жігіт пен жас қыз әңгімелесіп шай ішіп отыр. Екеуі де студент шығар деп топшыладым. Әп-әдемі сүйкімді, сұлу жастар. Киімдері де әдемі. Әңгімелері тап-таза қазақша. Бір кезде жас қыз әңгіме арасында орыстың бір боғауыз сөзін қосып жіберді. Елең ете қалдым. Жігіт ескерту айтатын шығар деп ем, түк болмағандай бүлк етпеді. Былқ етпей тыңдап отырған жігіт енді өз әңгімесінде бір стористі айтып отырып орыстың боғауыз сөздерін орысша төгіп-төгіп жіберді», – деп қынжылады журналист.

Жарылқап Қалыбай бұған дейін мұндай лас диалогты көбіне орыс жастарының аузынан еститінін, ал қазір бұл әдет қазақ жастарына да жұғып бара жатқандай көрінетінін атап өтті.

«“Елу жылда ел жаңа, жүз жылда – қазан” деген осы болар. Біздің ұрпақ үшін бұл өте ерсі әдет болатын. Мәдениетсіздіктің көрінісі еді», – дейді ол.

Енді депутаттар министрлерді қызметінен босата алады
Тоқаев Бас прокуратурада прокурорларды жинап жиын өткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу