Белгілі ғалым білім жүйесіне діни фанатизм ене бастағанына алаңдаушылық білдірді
Ұлттық Құрылтай мүшесі, филология ғылымының докторы, профессор, ҰҒА академигі, "Егемен Қазақстан" газетінің Бас редакторы Дихан Қамзабекұлы еліміздегі білім саласына ентелеп енгісі келетін діни экспанция туралы пікір білдірді. Оның айтуынша білім саласы зайырлы болу керек. Конституциялық комиссияның отырысында Дихан Қамзабекұлының осы баяндамасы желілерде кең тарап жатыр деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

- Әй дейтін ажа, қой дейтін қожа жоқ. Кейінгі ширек ғасырда қарашұбар жамылғы, сөлеңдеген сұрықсыздық, келте балақ, қауға сақал, селдір сақал, қаладан далаға дейін қаптап кетті. Қазақтың иманды, тәрбиелі, білімді ортасын қара бұлт, дүдәмал діл басып алғандай күй кештік. Ата-анасын тыңдамайтын ұрпақ, ұлт дәстүрін тәрк еткен діндарсымақтар пайда болды. Ең қауіптісі, олар ұрпағын да жат бағытта тәрбиелеуге көшті. Фанатизм мен көрсоқырлық білім жүйесіне ене бастады. Неге қателескенін білмедік, оқыған деген кейбір адамдар сырттан келген шаласауаттылардың жетегінде кеткені ойландырады, қамықтырады. Сирияға басыр соғысқандардың трагедиясы сіздерге белгілі. Жусан операциясы арқылы елген оралғандардың көз жасы бәрімізді ойландырды. Діни экспанция тек мұсылман әлеміне қатысты емес, христиан дүнесі де, түрлі ірілі-ұсақты мүләйімсіген конфессияларда білім жүйесіне ентелегені жасырын емес, - деді Дихан Қамзабекұлы.
Ол өз баяндамасын білім саласы ешкімге тәуелді болмай, өз биіктігін сақтау керектігін айтып өтті.
- Ендеше білім жүйесіндегі зайырлық пен мәдениеттің Ата заңда нақты жазылуы - зиялық дәстүрдің талабы деп есептейміз, - деді ғалым.


