Павлодарда бензовоз өртеніп, бір адам жапа шекті

Oinet.kz 25-01-2026 109

Павлодарда бензовоз өртеніп, бір адам жарақат алды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 
Screenshot_2.png

24 қаңтарда "101" пультіне Павлодар қаласының Жанаауыл ауылында орналасқан ЖШС аумағында бензовоздың өртенгені туралы хабарлама түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт цистернаға бензин құю кезінде шыққан.

“Оқиға орнына жедел түрде ТЖД бөлімшелері, сондай-ақ ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы жіберілді. Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт қысқа мерзімде сөндіріліп, оттың көршілес нысандарға таралуына жол берілмеді. Күйік жарақатымен ЖШС-нің 1969 жылы туған қызметкері медициналық мекемеге жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы мен шығу себептері анықталуда”, – делінген хабарламада. 

Төтенше жағдайлар министрлігі ескертеді: жанар-жағармай материалдарымен жұмыс істеу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажет екенін ескертті: тек жарамды жабдықты пайдалану, отынды құю және төгу кезінде жерге қосу жұмыстарын қамтамасыз ету, ашық отты қолдануға және жақын маңда темекі шегуге жол бермеу керек.

Оралда шұжық цехында 40 жасар жұмысшы станокқа қысылып мерт болды
Кінәсіздік презумпциясы және өзін кінәлауға тыйым: Жаңа Конституцияға қандай нормалар ұсынылып отыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу