Түркістанда 8 айлық сәбидің денесінен ине табылған

Oinet.kz 24-01-2026 165

Түркістан қалалық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне қызамық ауруы болуы мүмкін деген күдікпен 8 айлық сәби жеткізілген. Дәрігерлер рентгендік тексеру жүргізіп, баланың құрсақ қуысынан ине тауып алған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_5.png

Бұл туралы бір күн бұрын Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Анықталғандай, сәбидің мазасыздануы мен дене қызуының көтерілуі жұқпалы аурудан емес, бөгде заттың әсерінен болған.

Дәрігерлердің айтуынша, ине ағзаға ас қорыту жолы арқылы түспеген. Ол бауыр тұсы арқылы енген. Баланың анасы сәбидің инені өздігінен жұтып қоюы мүмкін еместігін айтқан.

Түркістан қалалық орталық ауруханасы мен Түркістан қалалық балалар ауруханасының дәрігерлері бірлесіп шұғыл операция жасап, барлық қажетті емдік шараларды жүргізді. Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсарып келеді, деп нақтылады олар.

Бұған дейін Шымкентте дәрігерлер 16 магнит жұтып қойған 3 жасар баланың өмірін сақтап қалған болатын. Қалалық балалар клиникалық ауруханасына іші қатты ауырған бала шұғыл түрде жеткізіліп, дереу күрделі медициналық көмек көрсетілген. Ата-анасының айтуынша, бала ойнап жүріп бірнеше магнитті байқамай жұтып қойған. 

Бір палаталы Құрылтайға кімдер квота бойынша кіре алады?
Дихан Қамзабекұлы комиссия отырысында білім және тәрбие жүйесіндегі зайырлылық мәселесін көтерді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу